Жарас Сәрсек 1968 жылы Алматы облысында туған. Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі (2001). 1985 жылы Сүмбе ауылындағы орта мектепті, 1995 жылы ҚазМУ-ді бітірген. 1996-2000 жылдары «Парасат» журналында, 2000-2001 жылдары «Жетісу» газетінде жұмыс істеді. 2002 жылдан Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші. «Керуен көшіп барады» (1999), «Жүрегімнің ішіндегі жүрегім» (2002) атты кітаптардың авторы. Ақын өлеңдері «Толқыннан толқынтуады» (1993), «Жас ақындар антологиясы» (1999).»Бәйге» (2001) ұжымдық жинақтарына енген.