Светқали Нұржан (1962 жылы 1 қаңтарда Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Қаңға-баба ауылында туған) — ақын, Дарын мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1996), Құрмет орденінің иегері (2017).
Өмірбаян
- Светқали Нұржан 1962 жылы 1 қаңтарда Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Қаңға-баба ауылында дүниеге келген.
- 1979 жылы Қарақия ауданы, Жетібай кентіндегі №8 орта мектепті тәмамдаған. Еңбек жолын орта мектепті бітірген соң жылқышы, мұнай өндірісінде жұмысшы болған.
- 1981 - 1986 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетінде біілім алған.
- 1986 – 1987 жылдары «Пионер» (қазіргі Ақ желкен) журналында, 1988 – 1994 жылдары Қарақия аудандық мәдениет бөлімінде қызмет етті.
- 1995 жылдан бастап Маңғыстау облыстық «Өнер» қорын басқарды.
- 2000 – 2012 жылдары республикалық Үш қиян газетіне құрылтайшылық қылды.
Шығармашылығы
- «Аудитория» (1985 ж., ұжымдық жинақ);
- «Аруана» (1993)
- «Таң қауызын жарғанда» (2002 ж., 3 томдық жыр-дастандар)
- «Ай таранған түн» (2008 ж., жыр-дастандар)
- «Әулиелер әуезі» (2009 ж., тәржіма)
- «Еуропа поэзиясы» (2010 ж., аударма)
- «Еуропа классикалық поэзиясы» (2011 ж., аударма)
- «Қырық хикмет» (2013 ж., тәржіма)
- «Дәрменсіздер дәлелі» (2013 ж., тәржіма)
- «Таңның лағыл жұлдызы» (2015 ж., жыр-дастандар)
- «Сарыайшықтың көзесі» (2019 ж., жыр-дастандар)
- «Жұлдыздардың жұпары» (2019 ж., жыр-дастандар)
- «Генрих Гейне» (2019 ж., аударма)
- «Шыңға ілінген жетім жұлдыз» (жыр-дастандар), «Шамдалдағы нұр» (жыр-дастандар), «Жастықтың жазғы жайлауы кітаптары баспада, 22 томдық шығармалары ақынның қоржынында жатыр.
- 2017 жылы ақын Светқали Нұржанның 55 жылдығы қарсаңында «Баба түкті боз дала» Мұрағатталған 11 шілденің 2013 жылы. атты шығармашылық кеші өтті.
Марапаттары
- 1996 жылы — Дарын мемлекеттік сыйлығының лауреаты
- Қазақстан жазушылар одағының Төлеген Айбергенов атындағы сыйлығының иегері
- ҚР Президентінің әдебиет саласындағы президенттік степендиясының иегері
- Ерен еңбегі үшін медалінің иегері
- 2017 жылдың 5 желтоқсанындағы ҚР Президентінің жарлығымен Құрмет орденімен марапатталған.Мұрағатталған 5 қаңтардың 2018 жылы.
- Махамбет атындағы сыйлық иегері.
- 18 наурыз 2022 жылы — Отан ордені
