ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫ
JAZUSHY.KZ
Маралтай Райымбекұлы Ыбыраев  
Басты бет / Бәрі есімде! -Поэты и писатели за годы независимости / Маралтай Райымбекұлы Ыбыраев
Маралтай Райымбекұлы Ыбыраев
01.09.2023
Маралтай Райымбекұлы Ыбыраев  1969 жылы 29 сәуірде Жамбыл облысы, Сарысу ауданында дүниеге келген— ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі
Өлеңдері 1987 жылдан бастап республикалық басылымдарда жарияланған.
1996 жылы “Жазушы” баспасынан “Ай-Нұр” атты тұңғыш кітабы және 1999 жылы “Жазушы” баспасынан “Ай” деген өлеңдер жинағы жарық көрген. “Студенттер көктемі” фестивалінің бас жүлдегері болған. Көптеген республикалық басылымдарда жауапты қызметтер атқарған.
Қазақстан Жазушылар одағында Әдебиетшілер үйінің директоры, 2007-2008 жылдары «Кентавр» газетінің Бас редакторы, 2008-2012 жылдары Қазақстан теле-радио корпорациясында редактор-жүргізуші және шолушы қызметтерін атқарды. Қазақстан Жастар одағы сыйлығының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік “Дарын” жастар сыйлығының лауреаты. Қазақстан Республикасы Президентінің 4 мәрте стипендиаты.
Қазақстан Республикасы Президенті Грантының иегері.
2008 жылы «Жалын» баспасынан жарық көрген «Кентавр» өлеңдер жинағы үшін Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты атанған.
Қожа Ахмет Иассауи атындағы Тараз Мемлекеттік университетін бітірген.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы жастар саясаты жөніндегі Кеңестің мүшесі.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының директорының орынбасары.
Бәрі есімде! -Поэты и писатели за годы независимости
03.09.2023
Жарас Сәрсек
Жарас Сәрсек  1968 жылы Алматы облысында туған.
03.09.2023
Светқали Нұржан
Светқали Нұржан (1962 жылы 1 қаңтарда Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Қаңға-баба ауылында туған)
03.09.2023
Аймұхамбет Жанат Әскербекқызы
Аймұхамбет Жанат Әскербекқызы – ақын, филология ғылымдарының докторы, Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Әбдіраштың Жарасқаны атындағы сыйлықтың лауреаты.
03.09.2023
Бауыржан Бабажанұлы
Бауыржан Бабажанұлы (1969 жыл, 21 ақпан, Қарақалпақстан Республикасы Мойнақ ауданында туған) - ақын, журналист.
01.09.2023
Дидар Амантайұлы Қосылбеков
 Дидар Амантайұлы Қосылбеков (1969 жылы 5 ақпанда Қарағанды облысының Қарқаралы ауданы) — жазушы, сценарист, журналист, қоғам қайраткері. Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамының бас редакторы.