ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫ
JAZUSHY.KZ
Светқали Нұржан  
Басты бет / Бәрі есімде! -Поэты и писатели за годы независимости / Светқали Нұржан
Светқали Нұржан
03.09.2023
Светқали Нұржан (1962 жылы 1 қаңтарда Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Қаңға-баба ауылында туған) — ақын, Дарын мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1996), Құрмет орденінің иегері (2017).

Өмірбаян

  • Светқали Нұржан 1962 жылы 1 қаңтарда Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Қаңға-баба ауылында дүниеге келген.
  • 1979 жылы Қарақия ауданы, Жетібай кентіндегі №8 орта мектепті тәмамдаған. Еңбек жолын орта мектепті бітірген соң жылқышы, мұнай өндірісінде жұмысшы болған.
  • 1981 - 1986 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетінде біілім алған.
  • 1986 – 1987 жылдары «Пионер» (қазіргі Ақ желкен) журналында, 1988 – 1994 жылдары Қарақия аудандық мәдениет бөлімінде қызмет етті.
  • 1995 жылдан бастап Маңғыстау облыстық «Өнер» қорын басқарды.
  • 2000 – 2012 жылдары республикалық Үш қиян газетіне құрылтайшылық қылды.

Шығармашылығы

  • «Аудитория» (1985 ж., ұжымдық жинақ);
  • «Аруана» (1993)
  • «Таң қауызын жарғанда» (2002 ж., 3 томдық жыр-дастандар)
  • «Ай таранған түн» (2008 ж., жыр-дастандар)
  • «Әулиелер әуезі» (2009 ж., тәржіма)
  • «Еуропа поэзиясы» (2010 ж., аударма)
  • «Еуропа классикалық поэзиясы» (2011 ж., аударма)
  • «Қырық хикмет» (2013 ж., тәржіма)
  • «Дәрменсіздер дәлелі» (2013 ж., тәржіма)
  • «Таңның лағыл жұлдызы» (2015 ж., жыр-дастандар)
  • «Сарыайшықтың көзесі» (2019 ж., жыр-дастандар)
  • «Жұлдыздардың жұпары» (2019 ж., жыр-дастандар)
  • «Генрих Гейне» (2019 ж., аударма)
  • «Шыңға ілінген жетім жұлдыз» (жыр-дастандар), «Шамдалдағы нұр» (жыр-дастандар), «Жастықтың жазғы жайлауы кітаптары баспада, 22 томдық шығармалары ақынның қоржынында жатыр.
  • 2017 жылы ақын Светқали Нұржанның 55 жылдығы қарсаңында «Баба түкті боз дала» Мұрағатталған 11 шілденің 2013 жылы. атты шығармашылық кеші өтті.

Марапаттары

  • 1996 жылы — Дарын мемлекеттік сыйлығының лауреаты
  • Қазақстан жазушылар одағының Төлеген Айбергенов атындағы сыйлығының иегері
  • ҚР Президентінің әдебиет саласындағы президенттік степендиясының иегері
  • Ерен еңбегі үшін медалінің иегері
  • 2017 жылдың 5 желтоқсанындағы ҚР Президентінің жарлығымен Құрмет орденімен марапатталған.Мұрағатталған 5 қаңтардың 2018 жылы.
  • Махамбет атындағы сыйлық иегері.
  • 18 наурыз 2022 жылы — Отан ордені
Бәрі есімде! -Поэты и писатели за годы независимости
03.09.2023
Жарас Сәрсек
Жарас Сәрсек  1968 жылы Алматы облысында туған.
03.09.2023
Аймұхамбет Жанат Әскербекқызы
Аймұхамбет Жанат Әскербекқызы – ақын, филология ғылымдарының докторы, Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Әбдіраштың Жарасқаны атындағы сыйлықтың лауреаты.
03.09.2023
Бауыржан Бабажанұлы
Бауыржан Бабажанұлы (1969 жыл, 21 ақпан, Қарақалпақстан Республикасы Мойнақ ауданында туған) - ақын, журналист.
01.09.2023
Маралтай Райымбекұлы Ыбыраев
Маралтай Райымбекұлы Ыбыраев  1969 жылы 29 сәуірде Жамбыл облысы, Сарысу ауданында дүниеге келген— ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі
01.09.2023
Дидар Амантайұлы Қосылбеков
 Дидар Амантайұлы Қосылбеков (1969 жылы 5 ақпанда Қарағанды облысының Қарқаралы ауданы) — жазушы, сценарист, журналист, қоғам қайраткері. Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамының бас редакторы.