Арғын тайпасы, Қаракесек руының Сары Танас бұтағынан шыққан.[2]
1987—1989 жылдары «Жас алаш», «Заман Қазақстан» газеттерінде тілші, бөлім меңгерушісі;
1997—2002 жылдары «Хабар» агенттігінде бағдарлама редакторы, «Майдан» ток-шоу редакторлар бөлімінің жетекшісі, «Бетпе-бет» бағдарламасының жүргізушісі;
2002—2004 жылдары «Зерде» жобалау тобының жетекшісі;
2004 жылы Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық кинокомпаниясының бас редакторы;
2005—2006 жылдары «Ел мен жер» және «Азамат К2» газетінің директоры;
2004—2008 жылдары «Начнем с понедельника» газетінің Бас директоры және бас редакторы;
2008 жылы іскерлік «Азамат» газетінің директоры;
2006—2008 жылдары «31 арнаның» «Абайтану» және «Замандастар» телевизиялық бағдарламаларының авторы және жүргізушісі;
2009 жылдан Ш. Айманов атындағы « Қазахфильм » Ұлттық кинокомпаниясының бас редакторы.
Алғашқы кітабы 1996 жылы «Постскриптум» деген атпен жарық көрді. Кейіннен «Қастерле мені» ( романдар, повестер, әңгімелер, эсселер 2000), «Гүл мен кітаптар» (Роман, 2003), «Күзгі рандеву» (повесть-әңгіме 2005) кітаптарымен қатар, «Нұрғиса Тілендиев», «Әлжаппар Әбішев», «Қасым Аманжолов», «Жүсіпбек Елебеков», «Мұқтар Мағауин» деректі фильмдердің, «Гәкку» («ФЭФ») «А-ға оралу» көркем фильмдерінің «Қарсы бақылау» телесериалының сценариін жазған.
2010 жылы бес томдық шығармалар жинағының бірінші томы — «Қарқаралы басында» атты кітабы баспа жүзін көреді. Қазір «Махамбет философиясы» атты екінші томы дайындалу үстіндеДидар Амантайдың шығармалары әлемнің көптеген тілдеріне аударылған.
«Дарын» мемлекеттік Жастар сыйлығының (1999), Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының лауреаты (2007).