ҚАЗАҚ ҚАРА СӨЗІНІҢ ДАРАБОЗЫ, АСА КӨРНЕКТІ ЖАЗУШЫ ҚАБДЕШ ЖҰМАДІЛОВКЕ АРНАЛҒАН «АЛДАСПАН» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РОМАН БАЙҚАУЫ ӨТЕД
14.06.2024
Байқаудың мақсаты – қазақ әдебиетіндегі роман жанрын дамыту, жазушыларға қолдау көрсету.
Байқауды Қазақстан Жазушылар одағы өткізеді.
Халықаралық байқауды өткізу мерзімі:
- өтінімдерді қабылдау 2024 жылдың 15- маусымынан бастап 2025 жылдың 15 наурызына дейін;
- 2025 жылы наурыз айының 21-күні – наурыз мерекесінде марапаттау.
Байқау шарттары:
- байқауға Қазақстандағы жазушылар мен шет елдегі қандас қаламгерлер де қатыса алады; Байқауға қатысушылардың жасына, романның көлеміне шек қойылмайды;
- шығармалар электрондық нұсқада Microsoft Word форматында (14 кегльде (шрифт), жол арасы 1 интервал, Times New Roman қарпімен) ұсынылуы қажет;
- шығармалар тек қана қазақ тілінде қабылданады;
- жинақтарда, мерзімді басылымдарда, сайттарда, әлеуметтік желілерде жарияланған, басқа байқауларға ұсынылған шығармалар қаралмайды;
- қолжазбалар jazushylar_odagy@mail.ru электронды поштада қабылданады.
- байқауға қатысқандар шығармасын бұқаралық ақпарат құралдарында, жинақтарда және ғаламторда жариялауға рұқсат береді, қаламақы талап етпейді.
- байқауға келіп түскен шығармалардың ішінен іріктелген 3 роман жеке кітап болып басылып шығады.
Марапаттау:
- Романы ең үздік деп танылған 1 жазушыға «Алдаспан» байқауының төсбелгісі, дипломы мен 5 000 000 (бес миллион) теңге қаржылай сыйлық беріледі.