ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫ
JAZUSHY.KZ
ҚАЗАҚ ҚАРА СӨЗІНІҢ ДАРАБОЗЫ, АСА КӨРНЕКТІ ЖАЗУШЫ ҚАБДЕШ ЖҰМАДІЛОВКЕ АРНАЛҒАН «АЛДАСПАН» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РОМАН БАЙҚАУЫ ӨТЕД  
Басты бет / Жобалар / ҚАЗАҚ ҚАРА СӨЗІНІҢ ДАРАБОЗЫ, АСА КӨРНЕКТІ ЖАЗУШЫ ҚАБДЕШ ЖҰМАДІЛОВКЕ АРНАЛҒАН «АЛДАСПАН» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РОМАН БАЙҚАУЫ ӨТЕД
ҚАЗАҚ ҚАРА СӨЗІНІҢ ДАРАБОЗЫ, АСА КӨРНЕКТІ ЖАЗУШЫ ҚАБДЕШ ЖҰМАДІЛОВКЕ АРНАЛҒАН «АЛДАСПАН» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РОМАН БАЙҚАУЫ ӨТЕД
14.06.2024
Байқаудың мақсаты – қазақ әдебиетіндегі роман жанрын дамыту, жазушыларға қолдау көрсету.

Байқауды Қазақстан Жазушылар одағы өткізеді.

 
  Халықаралық байқауды өткізу мерзімі:
- өтінімдерді қабылдау 2024 жылдың 15- маусымынан бастап 2025 жылдың 15 наурызына дейін;
- 2025 жылы наурыз айының 21-күні – наурыз мерекесінде марапаттау.

  Байқау шарттары:
- байқауға Қазақстандағы жазушылар мен шет елдегі қандас қаламгерлер де қатыса алады; Байқауға қатысушылардың жасына, романның көлеміне шек қойылмайды;
- шығармалар электрондық нұсқада Microsoft Word форматында (14 кегльде (шрифт), жол арасы 1 интервал, Times New Roman қарпімен) ұсынылуы қажет;
- шығармалар тек қана қазақ тілінде қабылданады;
- жинақтарда, мерзімді басылымдарда, сайттарда, әлеуметтік желілерде жарияланған, басқа байқауларға ұсынылған шығармалар қаралмайды;
- қолжазбалар jazushylar_odagy@mail.ru электронды поштада қабылданады.
- байқауға қатысқандар шығармасын бұқаралық ақпарат құралдарында, жинақтарда және ғаламторда жариялауға рұқсат береді, қаламақы талап етпейді.
- байқауға келіп түскен шығармалардың ішінен іріктелген 3 роман жеке кітап болып басылып шығады.

  Марапаттау:
- Романы ең үздік деп танылған 1 жазушыға «Алдаспан» байқауының төсбелгісі, дипломы мен 5 000 000 (бес миллион) теңге қаржылай сыйлық беріледі.