ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫ
JAZUSHY.KZ
ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ ПЕРЗЕНТТЕРІНЕ ТАҒЗЫМ  
Басты бет / Жаңалықтар / ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ ПЕРЗЕНТТЕРІНЕ ТАҒЗЫМ
ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ ПЕРЗЕНТТЕРІНЕ ТАҒЗЫМ
08.06.2024

2024 жылдың 7 маусым күні Қазақстан Жазушылар одағы Алматы қаласындағы орталық зиратта Қазақ халқының асыл перзенті, геология ғылымының негізін қалаушы ұлы ғалым, академик, ұлт жанашыры, мемлекет және қоғам қайраткері – Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай, оның рухына тағзым етіп, еске алу шарасын өткізді. Шара аясында қазақтың біртуар тұлғалары – Қаныш Сәтбаевтың қабіріне белгілі ғалымдар мен ғылым қайраткерлері, Мұхтар Әуезовтің қабіріне көрнекті ақын – жазушылар, Ахмет Жұбанов пен Шәкен Аймановтың қабіріне мәдениет және өнер саласының майталмандары гүл шоқтарын қойып, олардың рухына бағыштап құран оқыды.  

Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының Төрағасы Мереке Құлкенов сөз сөйлеп, көрнекті жазушы Қалмұқан Исабаевтың «Қаныш аға осындай еді...» атты кітабының қайта басылып, оқырманға жол тартқан хабарын жұртқа сүйіншілеп жеткізді. Ғалымның жүріп өткен жолы мен еңбегі баяндалатын кітаптан үзінді оқылды.

Іс-шара әйгілі академикке арналған асқа жалғасып, кітаптың тұсаукесер рәсімі жасалды. Қонақтар естеліктерін айтып, ақындар Сәтбаевқа арнаған өлеңдерін оқыды.

Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Уинстон Черчилль Қаныш Имантайұлынан «Қазақтартың бәрі  сіз сияқты ұзын бойлы, батыр тұлғалы ма?» -деп сұрапты. Сонда академик «О, жоқ, Черчилль мырза, қазақтардың ішіндегі ең кішісі мен, халқым менен де биік»,-деп жауап берген екен. Саналы ғұмырын ғылым мен білімге арнап, елі үшін аянбай еңбек еткен Қаныш Сәтбаевтың бізге қалдырған мол мұрасы ұлтымызға мәңгілік азық болары сөзсіз.

Жазушылар одағының ұйысдастыруымен тұңғыш рет әдебиет, ғылым, өнер саласының айтулы тұлғаларының басын қосқан бұл игі шара ұлыларға тағзым, ұрпаққа тағылым болады деп сенеміз.

Жаңалықтар
02.07.2024
Халықаралық ТҮРКСОЙ түркі мәдениеті ұйымы Бас хатшысының орынбасары Сайт Юсуф Қазақстан Жазушылар одағының Басқарма Төрағасы Мереке Құлкеновті арнайы қабылдады.
24.06.2024
Стратегиялық әріптестік: 3 жоба
29.08.2023
Қазақ авторларының кітаптарын тәжік тіліне аудару және Жазушылар одағы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум
21.06.2023
Мемлекет басшысы Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкеновті қабылдады
21.06.2023
Әдебиеттің иесі – халық, киесі – елдің рухы
Бұл жылдар Қазақ Елі үшін қиын­­дығы мен қуанышы, азабы мен ға­жа­бы, күнгейі мен көлеңкесі қатар жүр­ген Тәуелсіздік атты ұлы ұғым­ның ая­сында өткені, елдік туымызды жел­біреткені, әлемнің түкпір-түк­пі­ріне Қа­зақ Елі мен Жерінің аты Аб­ай, Жам­был, Мұхтар, Қаныш, Сә­бит есім­дері арқылы ЮНЕСКО шең­бе­рін­де жеткені жалпақ жұртқа белгілі.