ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫ
JAZUSHY.KZ
"Eurasian Book Fair" халықаралық кітап жәрмеңкесі  
Басты бет / «Eurasian Book Fair» халықаралық кітап жәрменкесі
"Eurasian Book Fair" халықаралық кітап жәрмеңкесі
19.04.2023

"Eurasian Book Fair" халықаралық кітап жәрмеңкесі
ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Астанадағы EXPO орталығының аумағында өтетін Еуразиялық Халықаралық кітап жәрмеңкесі-Eurasian Book Fair-2023 көрмесіне барды.
Дәстүрге айналған ауқымды іс-шара алтыншы рет өткізіледі.

Қазақстан астанасына 40-қа жуық елден баспа, кітап басып шығару және кітап сату бизнесінің өкілдері, жазушылар мен әдебиет сүйер қауым жиналды.
"Мен стендтерді аралап, жәрмеңкенің ұйымдастырушылары мен қатысушыларын, жазушыларды, зиялы қауым өкілдерін және басқа да қатысушыларды қарсы алдым. Бұл іс - шара біздің бизнесіміз үшін жаңа серіктестер табуға, авторлар үшін жаңа аудиторияға шығуға жақсы мүмкіндік. Ал оқырмандар үшін бұл әдебиетті білушілермен өз құмарлықтарымен бөлісудің, түрлі шеберлік сабақтарына қатысудың, жаңа кітаптардың тұсаукесерлеріне, қолтаңба-сессияларға және дәрістерге қатысудың тамаша мүмкіндігі", - деп атап өтті министр өзінің Facebook парақшасында.