Жаһан жұртшылығын алқымнан алған коронавирус пандемиясы көптеген жобаларға кедергі болды. Оффлайн жүздесулер, халықаралық, мемлекеттік басқосулар кейінге шегеріліп жатты. Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының «Асыл сөз» сұхбат жобасы да осы қатарда еді. Әбдіжәмил Нұрпейісов, Қабдеш Жұмаділов, Бексұлтан Нұржекеев, Асанәлі Әшімов сияқты тұлғалардан кейін жиі-жиі дидарласу отырыстарын ұйымдастыру жоспарланған.
Бүгін игі істі сабақтап, жобамыздың алғашқы қонақтарының бірі болуы тиіс ағамыз – мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков ағамызбен сұхбаттастық.
«Асыл сөз» сұхбат жобасының бесінші шығарылымының кейіпкері өзінің балалық шағындағы қызықтарынан бастап, ат жалын тартып мінген уағында жасаған қызметі, ғылыми зерттеулері, көрген-білген кереметтері, дәм-тұздас болған қазақтың біртуар азаматтары туралы кеңінен толғанды.
Әсіресе өзі «Асыл сөздің атасы» деген атпен кітап жазған, өмірі мен шығармашылығын зерттеген Жамбыл Жабаев турасында көпшілік біле бермейтін оқиғаларды айтып, «Мырзатайға» деп өлең арнаған Кенен Әзірбаев туралы әңгімеледі.
Одан кейін кдомөнері жайына ауысып, Қорқыт, Қазанғап сияқты ұлылардың мұрасы туралы, кдомаңыздары туралы тебірене сөйледі. ҚР Еңбек сіңірген әртісі Тұрар Әліпбаев Мырзатай Жолдасбековке арнаған күйін орындап, экран бетіндегі ғибратты кездесудің көркі қыздырды. Кенен Әзірбаевтың «Мырзатайға» деген әні де шырқалды.
Әуезовтен үш жыл тәлім алып, кейін түркі дүниесінің жәдігерін зерттеумен айналысып, мемлекеттік қызметтерді абыроймен атқарған Мырзатай Жолдасбекұлының жұрт үшін орыны бөлек – әрдайым төрде.
Онлайн конференцияға Кітап палатасының ұжымы қатысты. Мекеме директоры Әділ Қаженбайұлы сөз тізгінін ұстап, сұхбатты жүргізіп отырды. Мырзатай Жолдасбекұлы Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық академиялық кітапхана ішіндегі жеке қоры жинақталған (10 мыңнан астам жеке кітабын өткізген) кабинетте байланысқа шықты.
Кейіпкерімізбен екі сағатқа жуық әңгіме-дүкен құрып, біршама сырға қанық болдық. Мырзатай Жолдасбекұлы сөз соңында Кітап палатасы ұжымына Дінмұхаммед Қонаевша бата беріп қоштасты.
Сұхбаттың жазбаша слабовидящих жақын арада республикалық газеттердің бірінде басылады.