ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫ
JAZUSHY.KZ
Бексұлтан Нұржекеұлы «Асыл сөзде» қонақта  
Басты бет / Маңызды іс-шаралар / Бексұлтан Нұржекеұлы «Асыл сөзде» қонақта
Бексұлтан Нұржекеұлы «Асыл сөзде» қонақта
01.09.2019

Алдымен оқырмандар мен жазушының өзі бастап, «Қазақ әдебиеті», «Лениншіл жас», газеттерінде және «Жұлдыз» журналында жарияланған қаламгердің алғашқы әңгімелері мен очеріктерінен басталған және кітаптарынан құралған көрмені тамашалады. Көрмені көріп шыққан Бексұлтан ағамыз 40-50 жыл бұрынғы дүниелерді жадында жаңғыртқан кітап палатасының мамандарына ризашылығын білдірді.Одан кейін сабақталған кездесуді кітап палатасының директоры Әділ Қойтанов ашып, жазушының шығармашылығына қысқаша тоқталып, сөз кезегін Бексұлтан атамыздың өзіне берді. Оқырмандар сауалына орай, әңгімені бала күнінен бері таратқан Бексұлтан Нұржекеұлы талай сырдың, талай тарихтың тиегін ағытты. Оның ішінде өзінің ғана емес сол замандағы қазақтың басынан кешкен сан қилы өмір жолы, соғыстан кейінгі елдің көрген қыйындығы, бәрі-бәрі айтылды. Соның бәрі оқырман үшін мәнді де, мағыналы болғаны анық. Екі жарым сағатқа созылған сыр сұхбатты қорытындылаған кітап палатасының директоры жазушыға естелік сыйлық пен Б.Нұржекеұлының өз атына сайт ашып, оған шығармаларын хронологиялық ретпен топтастырып, оның сертификатын тапсырды. Кездесу соңынан қаламгер өзіне көрсетілген құрметке ризашылығын білдіріп, кітап палатасы ұжымымен естелік суретке түсті. Кетерде кітап палатасының ұжымына аталы «Асыл сөзін» де айтып кетті.

  • Қыздарым, келіндерім және інілерім алдымен әке-шешелеріңді сыйлаңдар, құрметтеңдер. Одан кейін балаларыңды ана тілімізде оқытып, ұлттық болмыста тәрбиелеңдер. Сонда ата-бабаларымыздың да рухы риза болады.

Жазушымен болған сұхбаттың кеңейтілген нұсқасын алдағы уақыттарда сайтымыздан да оқитын боласыздар.