ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫ
JAZUSHY.KZ
Қалқаман Айымғазыұлы Сарин  
Басты бет / Бәрі есімде! -Бүгінгі толқын ақын-жазушылар / Қалқаман Айымғазыұлы Сарин
Қалқаман Айымғазыұлы Сарин
01.09.2023
Қалқаман Айымғазыұлы Сарин (2 қаңтар 1978 жыл, Семей облысы, Абай ауданы, Архат ауылы) — ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі.

Өмірбаяны

1998 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университетін тәмамдаған.
1998 - 2008 ж.ж. – ҚазҰМА әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы.
2012-2014 жж. – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университеті, тарих ғылымдарының магистрі.
2014-2015 ж.ж. - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университеті ректорының кеңесшісі.
2013-2015 ж.ж. – «Астана» телеарнасында «Кеш емес» саяси-әлеуметтік ток-шоудың жүргізушісі.
2008 жылдан Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университеті, Қазақстан тарихы кафедрасының аға-оқытушысы.
2016 жылдан ҚР «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы жанынан құрылған «Атамекен» пікірсайыс клубының жетекшісі.
2016 жылдан бастап «Қазақстан» Ұлттық арнасы «Ой-толғау» танымдық бағдарламасының жүргізушісі.
2012 жыл Қазақстан жазушылар одағының мүшесі.
2015 жыл «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық Партиясы мүшесі.

Жетістіктері

2008 ж. Республикалық «Шабыт» жастар фестивалінің лауреаты.
2009 ж. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 30 тамыз – Конституция күніне орай өткізілген республикалық ақындар мүшәйрасының жеңімпазы.
2010 ж. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Тіл комитеті ұйымдастырған «Туған тілім – тұғырым» атты халықаралық мүшәйраның жүлдегері.
2010 ж. «Алтын қалам» әдеби сыйлығының жүлдегері.
2012 ж. ҚР Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты.
2015 ж. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры сыйлығының лауреаты.

Шығармашылығы

«Арманымның бейнесі» жыр жинағы (Астана, «Нұра Астана» баспасы, 2011).
«Жібек сезім – Жүрек сөзім» үнтаспа жинағы (Алматы, «ЕЛ» продюсерлік орталығы, 2011).
«Құс жолындағы керуен» (Астана, «Профи Медиа» баспасы, 2014) жыр жинақтарының авторы.
2011 жыл 2-ші қараша - Астана қаласы Конгресс-холл сарайында Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Арманымның бейнесі» атты әдеби-сазды шығармашылық кеші өтті.

Мансап

1998 – 2008 жылдары – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық Университетінің  тарих пәнінің оқытушысы;

2008-2009 жылдары – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық Университетінің  теледидарлық магистральға техникалық қызмет көрсету және дыбыспен қамтамасыз ету бөлімінің технигі;

2009-2017 жылдары – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық Университетінің  тарих пәнінің аға оқытушысы;

2012-2014 жылдары – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық Университетінің  «Тарих» мамандағы бойынша магистратураны тәмәмдады;

2018-2019 жылдары - «Қазақ радиолары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Шалқар» радиосының директоры;

2017-2020 жылдары- Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық Университетінде  докторантураны тәмәмдады;

2019 жылы - Өскемен қаласы әкімдігінің «Өскемен әуендері» мәдени бос уақыт орталығы  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директорының орынбасары;

2019 жылғы 28 қарашадан бастап «Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.