Облыстық «Үздік мектеп кітапханасы - 2023» байқауы
Ағымдағы жылдың 10 ақпанында «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыруда кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсету сапасын арттыруға, кітап пен оқуды насихаттауға, кітапханалардың озық тәжірибесін зерделеуге, жинақтауға және таратуға бағытталған кітапханалардың қызметін жетілдіру және ынталандыру, жалпы білім беру мекемелері кітапханаларының тиімді және инновациялық жұмыс тәжірибесін танымал ету және тарату, кітапхана мамандығының беделін арттыру мақсатында облыстық «Үздік мектеп кітапханасы-2023» байқауы өткізілді.
Облысымыздың білім беру мекемелерінен 24 кітапхана қатысты. Кітапханашылар байқау ережесіне сәйкес үш бағыт бойынша өздерінің кітапханаларының жұмыс жүйесімен таныстырды. Сондай-ақ мектеп кітапханасындағы өздерінің инновациялық жобаларының жұмыс жүйесі әділқазылар назарына ұсынылды.
Қорытынды кезеңде әрбір кітапханашы үйірме, клуб, пікірталас, букроссинг, коворкинг бағыттарындағы жұмыстары бойынша озық тәжірибелерінің таныстырылымдарын көрсетті.
Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындарды төмендегідей иеленді:
Байқау қатысушыларына белсене қатысып, озық тәжірибе таратқаны үшін арнайы сертификаттар және қатысушы медалдері, кубоктар табысталды. Ұйымдастырушылар алқасы нәтижелі жұмыс істейтін кітапханаларды анықтау және қолдау, білім беру мекемелерінің ең белсенді, шығармашылық, табысты кітапханашылардың тәжірибесін зерделеу және тарату сынды алға қойған міндеттеріне қол жеткізді. Байқау қатысушылары тамаша әсермен, көтеріңкі көңіл күймен тарасты.