Кемел Тоқаев (2.10.1923, Алматы облысы, Қаратал ауданы — 1986) - жазушы. Ұлы Отан соғысының ардагері. Ұлы жүздің Жалайыр тайпасының Күшік руынан.
Қызмет жолы
1948 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.
«Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш»), «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан»), «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газеттері редакцияларында жауапты қызметтер атқарған.
1960–1977 жж. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі «Ведомостарының» бас редакторы боп істеген.
1980–1984 жж. Қазақстан Жазушылар одағының әдеби кеңесшісі болған.
Марапаттары
Ұлы Отан соғысының І және ІІ дәрежелі ордендері
екі мәрте «Ерлігі үшін» медалі
басқа көптеген медальдар
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамоталары
КСРО Ішкі істер министрлігінің Құрмет Грамотасы
КСРО Ішкі істер министрлігінің омырауға тағатын арнаулы белгісі
Қазақстан Жазушылар одағы мен Қазақ КСР Ішкі істер министрлігі жариялаған әдеби бәйгелерде бірінші бәйге алып, төрт мәрте лауреат атанды (1956, 1972, 1977, 1980).
Шығармалары
Кеңес чекистері тақырыбына арналған оннан астам кітабы қазақ және орыс тілдерінде басылып шықты.
«Қызыл комиссар», «Қылмыскер кім?» және «Сиқырлы сырлар» деп аталатын пьесалардың да авторы.
Кітаптары
Жұлдызды жорық. Әңгімелер. А., ҚМКӘБ, 1954;
Қыс қарлығашы. Повесть. А., ҚМКӘБ, 1958;
Болашақ туралы ойлар. Повестер мен әңгімелер. А., «Қазақстан», 1955, 1958, 1972, 1975;
Түнде атылған оқ. Повестер. А., «Жазушы»; «Қазақстан», 1971—1972, 1976;
Қастандық. Повесть. «Жазушы»; «Қазақстан», 1971, 1972, 1975, 1976;
Арнаулы тапсырма. Повесть. А., «Жазушы»; «Қазақстан»; 1965, 1968, 1976;
Сарғабанда болған оқиға. Повесть. А., «Жазушы», 1975;
Таңбалы алтын. Повесть. А., «Қазақстан», 1977;
Соңғы соққы. Роман. А., «Жазушы», 1981;
Солдат алысқа кетті. Роман. А., «Жазушы», 1983;
Ұясынан безген құс. Роман. А., «Жазушы», 1983.